Маңғыстау облысында бір күнде 28 жезөкше ұсталған

Маңғыстау облысында бір күнде 28 жезөкше ұсталған
Фото: ПД баспасөз қызметінен

Маңғыстау облысында тексеріс кезінде бір күнде 28 жезөкше ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интим қызмет және боди-массаж жасайтын 28 қызды анықтады.

Олардың бәрі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) және 492-бабы бойынша жауапқа тартылған. 

Жезөкшелікпен айналысу үшін тұрғын үй-жайды жалға бергені үшін тұрғын үй иелері (ҚР екі азаматы) ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапқа тартылды. 

"Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға алумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге және риэлторлық ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға арналған үй-жайларды беру ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық екенін ескертеді, ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған", - делінген полиция хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина