Мына 5 әрекетті біле жүріңіз! Автокөлік сатып алғанда ақшаны қалай үнемдеуге болады?

Мына 5 әрекетті біле жүріңіз! Автокөлік сатып алғанда ақшаны қалай үнемдеуге болады?
Фото: freepik

Көлік сатып алу қызықты әрі қиын процесс. Қытайлық автопромның Қазақстанға келуімен сіз көптеген көлік маркаларын, олардың сипаттамаларын, түстерін таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Алайда әрбір сатып алушының өзінің оң жамбасына келетін, сапасына бағасы сай көлігі бар. Ал автокөлік сатып алғанда ақшаңызды қалай үнемдеуге болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді. 

Балама көліктерге назар салыңыз

Егер сіз үшін бағаны үнемдеу өте маңызды болса қолыңызда бар суммадан қымбат темір тұлпарды алудың қажеті жоқ. Сіз өзіңіз жоспарлағаннан кішірек көлікті сатып алуға болады. Өйткені нарықта кез келген қымбат көліктің альтернативі бар. Ал жүрегіңіз қалаған көлікті алғыңыз келсе темір тұлпардың бағасын қанша табатыныңызбен байланыстырмаңыз. 

Несиеге сатып алу керек пе?

Автокөлік несиесі - бұл қаржы мәселесінің тез шешімі болғанымен болашақта бас ауртып, балтыр сыздатар мәселеге айналуы мүмкін. Несие шарттарына қол қойғанға дейін де банктің құжаттарын мұқият қарап шығыңыз.

Несие мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым артық төлеуге тура келеді. Шағын ай сайынғы төлемдерге ғана назар салу қателік. Келісімшартың аяқталу мерзімі мен жалпы соманы көліктің бағасынан алып тастаңыз. Сол кезде сіз барлығын түсінесіз. 

Несиеден бөлек болашақ көлік иесі машинаның басқа да шығындарын көтере білуі керек. 

Баға маңызды рөл атқарады

Өте төмен баға  әлеуетті сатып алушыны әрқашан алаңдатуы керек. Мұндай жағдайда сатушы көлік құралының ескі екенін немесе айтарлықтай жөндеуді қажет ететінін жасырмайды. Көбінесе іс жүзінде  "кішігірім" жөндеу әдетте машинаның корпусы мен механизмдерінің бұзылуына әкеп соқтырады. 

Сатып алу кезінде сарапшыларға сеніңіз

Көбінесе сатушылар көліктің бағасын арттыру үшін кейбір ақауларын жасыруға немесе өшіруге тырысады. Кәсіби маманның кеңесіне жүгіну көліктің барлық айқын ақауларын бірден анықтауға мүмкіндік береді. Автокөліктің нақты жүгірісін (көбінесе сату үшін бұралған), корпустың, жүріс бөлігінің және қозғалтқыштың күйін анықтаңыз.

Сынақтан өткіз! Тест-драйв

Кейде эмоционалды автокөлік сатып алушылар бұл маңызды қадамды ұмытып кетуі мүмкін. Кез келген адам қандай-да бір көлік аларда оны жүргізіп сезінуі керек. Ал көлікті жүргізгенде жайлылықты сезінбесеңіз бұл көліктен бастартқан абзал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов