"Өзбек мафиясының бастығы" Салим Абдувалиев ұсталды - БАҚ

"Өзбек мафиясының бастығы" Салим Абдувалиев ұсталды - БАҚ
Фото: instagram

Өзбекстанда "Салимбай", "Салимбойвачча" лақап аттарымен белгілі қылмыс әлемінің серкесі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат "Эль-Туз" Telegram-арнасында пайда болған. Кәсіпкер Салим Абдувалиевті тәртіп сақшылары Ташкенттегі үйінде ұстаған. 

Кәсіпкер ұсталғаннан кейін денсаулығы нашарлап кеткен. Артынша ол ауруханаға жеткізілген. Сосын үйіне қайтарылған. Алайда тәртіп сақшылары жедел жәрдем көлігін қуып жетіп, "Салимбай" Ташкенттегі ішкі істер басқармасына жеткізілген. 

Басылым мәліметінше, "Гафур Черный" лақап атымен белгілі тағы бір кәсіпкерГафур Рахимовқа іздеу жарияланған. Ол Өзбекстаннан қашып кеткен немесе ел ішінде жасырынып жүр деген болжам бар. 

Айта кетейік, Салим Абдувалиев - посткеңестік кеңістіктегі ең танымал меценат және филантроптардың бірі. Ол 2017 жылдың қаңтарында Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол қылмыстық әлемге қатысы бар деп саналады. Бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі өзінің дипломатиялық хат-хабарларында оны "өзбек мафиясының бастығы" деп атаған. 1997 жылдан бастап Салим Абдувалиев Өзбекстанның спорттық күрес қауымдастығын басқарады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина