Жүгіріп жарысқан әйелдер Қазнетті таңғалдырды

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде әйелдер жүгіріп жарысқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда бірнеше әйел жүгіріп келе жатқаны көрінеді.

Видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары арасында бұл видео қызу пікірталас тудырды. Бірі мұны тұсау кесу салтымен байланыстырса, енді бірі мұның келіндер жарысы екенін айтады.

"Бірінші келген әйел сәбидің тұсауын кеседі", "Мереке, қыз-келіншектерді жүгіртіп жарыстырады", "Келіндер жарысы", "Өкпелері аузына келген шығар", "Қыздар жарысы, кішкентай кезімізде апалар жарысатын жүгіріп мерекеде", - дейді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова