Алматы облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес шыққан

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы тарады. Оқиғаға Алматы облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған жазбада оқиға Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында болғаны айтылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers (@krispnews.kz)

Полиция департаменті мәліметінше, Іле ауданы Жапек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушылары төбелескен. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тексеріс барысында 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейін жаппай төбелеске ұласқаны анықталыпты.

"Дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір барлық қажет тергеу әрекеті басталды. Сондай-ақ, психологтардың қатысуымен осы оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмысы жүргізілді", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова