Мәйітті анасы тапқан: желіде "ер адам туған ұлының тамағын орып жіберген" деген ақпарат тарады

Мәйітті анасы тапқан: желіде "ер адам туған ұлының тамағын орып жіберген" деген ақпарат тарады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте жантүршігер қылмыс болып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқанын айтқан.

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы мойын тұсы кесіліп, тесілген 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабымен "адам өлтіру" қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова