Астанада ішінде адам отырған көлік жанып кеткен

Астанада көлік өртеніп кетті. Жеңіл көлік жүргізушісі көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

"Жүргеновте көлік жанып кетті. ...Осы кезде көлік ішінде адам болды. Кейін оны шығарып алып, жедел жәрдеммен алып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген видео жазбасында.

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайды растады.

"Сағат 19:51-де Алматы ауданындағы Жүргенов көшесі, 21/1-де Mazda 626 маркалы көлігінің қозғалтқыш бөлімі мен салоны жанып кетті. Өрт 20:11-де ауыздықталды. 103 бригадасы көлік иесін ауруханаға жеткізді. 1984 жылы туған азаматқа "улы газбен улану" диагнозы қойылды", - делінген Астана ТЖД хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз