Танымал блогер Анель Кенжебекова 400 миллион теңгелік пәтерін көрсетті

Танымал блогер, актриса Анель Кенжебекова 400 миллион теңге тұратын пәтерін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің қымбат пәтері Алматының тауларына жақын ауданда орналасқан. Ол жайлы қонысын "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көрсетті. 

Блогердің айтуынша, бұл пәтерді анасы орналасқан жеріне байланысты ұнатқан.

"Барлығы үш бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 130 шаршы метр. Анам осындай үш қабатты тұрғын үйлерді ұнатады, адам көп ауданда тұрғысы келмейді. Пәтерді ата-анам тапқан, менің қатысым жоқ, дайын пәтерге көшіп келдім", - дейді актриса.

Блогердің әкесі пәтерге жаңа жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келетінін жеткізді.

"Пәтерге жөндеу жұмыстарын бастаған кезде елде карантин еді. Барлық дүкен жабық болды, сондықтан табылған құрылыс материалдармен жасадық, алла қаласа үш жыл болады. Биыл немесе келесі жылы жаңа жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - дейді актрисаның әкесі.

Пәтердегі үш бөлменің әрқайсысының өз киім және жуынатын бөлмесі бар. Пәтер екі жатын, қонақ бөлмесі және ас үйден тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Анна Данченко әзілкеш Қайрат Әділгерейдің 150 миллион теңгеге салған жаңа үйін көрсеткен еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: 3 балаға қанша алимент төленеді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!