Денсаулыққа зиян тигізбеу үшін қандай шұжық түрін жеу керек? Дәрігер жауап берді

Шұжық - көпшілік сүйіп жейтін, тоңазытқышта тамақ болмаған кезде тіскебасар ретінде жеуге ыңғайлы ет өнімі. Дегенмен дәрігер Александр Умнов шұжықты ет өнімі деп атау қиынға соғатынын айтты. Өйткені шұжықтың бестен бір бөлігі ғана еттен тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Александр Умнов шұжық секілді дайын ет өнімдерін шамадан тыс тұтыну әкеп соқтыруы мүмкін салдар тізімін жасады. Оның ішіне: 

  • Инфекция. Шұжыққа еті алынған жануардың жеген өнімінде түрлі инфекция болуы мүмкін. Ол инфекция адам ағзасына түссе, адам ауыр ауруларға шалдығуы мүмкін;
  • Қатерлі ісікке шалдығу ықтималдылығының жоғарылауы. Шұжық құрамында канцероген көп. Ал канцероген онкологиялық ауруға әкеп соқтыратын қауіп факторы екені белгілі;
  • Натрий нитритімен улану. Натрий нитриті көбінесе өнімді қосымша бояу, сондай-ақ сақтау мерзімін ұзарту үшін қосылады. Бұл заттың 6 грамы адам өмірі үшін өте қауіпті;
  • Ісіну және жоғары қысым. Шұжық құрамындағы тұздың артық мөлшері бүйрек жұмысын күшейтіп, қан қысымын көтеріп, жүрек соғысын бұзады;
  • Асқазан-ішек жолын зақымдайды. Шұжықта омега-6 деңгейі жоғары, бұл асқазан-ішек жолдарына зақым келтіріп, тіпті тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттыра алады;
  • Инфаркт қаупі.

Шұжықты қатты жақсы көретін адам, денсаулығына зиян тигізбей, қандай шұжық жей алады?

Александр Умновтың айтуынша, күркетауық етінен дайындалған шұжық ең қауіпсіз болып саналады. Өйткені бұл құстың етінде май мөлшері аз. 

Дегенмен күркетауық етінен дайындалған шұжықты да рұқсат етілген мөлшерде ғана жеу керек. Себебі, кез келген шұжықта тұз көп.

Айта кетейік, бұған дейін ең қауіпті шұжық түрін атаған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Бел ауруы психосоматика бойынша нені білдіреді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз