Атырау-Ақтөбе тасжолында үш адам қаза тапты

Атырау-Ақтөбе тасжолында үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Жол апат 30 қарашада сағат 22:45 шамасында Ақтөбе-Атырау - Астрахань жолының 424-шақырымында болған. Атырау облысы полиция департаменті өкілдері мәліметінше, Lada 2114 IVECO жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан 57 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!