"Ойнауға шығып кеткен". Түркістанда 4 жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Түркістанда 4 жасар бала із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1 желтоқсанда кешке полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізді.

Ер адамның арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.

"Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 сантиметр, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқкиім болған", - делінген хабарламада. 

Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ, 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!