Актер Асқар Наймантаев қайтыс болды

Танымал актер Асқар Наймантаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", - деп жазды Ерлан Рысқали Facebook-парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерін бөліскен еді. 

Асқар Наймантаев - "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал актер. Ол "Домашние войны", "Бастық боламын", "ОрыStar в Шымкентте", "Детектив әже", "Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз