Петропавлда қала орталығында әйелдің мәйіті табылды

Петропавлда қала орталығында әйелдің мәйіті табылды
Фото: Видео кадры

Петропавлда қала орталығында әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 1 желтоқсанда сағат 12:50 шамасында Петропавл ІІБ-нің "102" жедел арнасына Сәтбаев көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында әйелдің жатқаны туралы хабарлама түскенін айтты.

Оқиға орнына екінші полиция бөлімінің жедел қызметкерлері мен жедел медициналық бригада келді.

Полиция қызметкерлері 72 жастағы әйелдің кім екенін анықтады. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүріп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек