Астанадағы сауда орталығының бірінен ер адам өлі табылды

Кеше, 1 желтоқсанда таңертең елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында "102" арнасына "Азия Парк" сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады", - делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгірелі жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!