"Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады". Шетелдіктерге "Қыз Жібек" киносы көрсетілді

"Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады". Шетелдіктерге "Қыз Жібек" киносы көрсетілді
Фото: Фотоскрин

Қазақ киносында аты аңызға айналған "Қыз Жібек" Париж тұрғындарына көрсетілді. Қазақ киносының фестивалі аясында өтіп жатқан іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылуда. Бұл жолғысы режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды. 

"Қыз Жібек" - керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді.", - деді Азия кинофестивалінің директоры Жан-Марк Теруан.

Фестивальге Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова да қатысты.

"Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойлмаған шығар", - деді ол.

Қазақ киносының бесінші фестивалінде "Қыз Жібектен" бөлек "Бақыт" драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы