Атырау облысында 11 адам жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген

Атырау облысы Мақат кентінде білім мекемелерінде жалған дипломмен жұмыс істеген 11 қызметкер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі құрған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. 

8 қызметкер балабақшада тәрбиеші болса, қалғаны мектепте сабақ берген. Оның үстіне балабақша меңгерушілері қызметкерлер жалған дипломмен жүргенінен хабардар болса да ол туралы хабарламаған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!