Көктайғақ, тұман: Ауа-райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Көктайғақ, тұман: Ауа-райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК дерегі бойынша, Астана мен елдің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 желтоқсанда Астана мен Атырау облысында боран соғып, көктайғақ болады. Тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігіне оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың көп бөлігінде жылдамдығы 15-20, орталығында секундына 23 метрге жетуі мүмкін.

Ақмола облысында боран, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы, оңтүстігі мен шығысына оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде облыстың батысы, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік, солтүстік, шығысында 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Қостанай облысында боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Түнде облыстың батысы, солтүстігі, күндіз көп бөлігіне оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында тұман түседі. Түнде облыстың батысына, күндіз көп бөлігіне оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысы мен оңтүстігіне оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге барады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз солтүстігі, батысы, оңтүстігінде жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз жел екпіні облыстың оңтүстігі мен батысында 25 м/с дейін барады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы