"Досының туған күніне кеткен". Алматы облысында 14 жастағы бала 4 айдан бері із-түзсіз кеткен

Алматы облысының тұрғыны Гүлжайна Жанжігітованың 14 жастағы ұлы 4 айдан бері із-түссіз кеткен. Тұрғын шілдеде жоғалған ұлын әлі күнге дейін таба алмай жүр. Ал полиция әлі күнге дейін тұшымды ақпарат бермей отыр екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KOREMIZ бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мен хабарластым, көтермейді. "Марлен, қайдасың? Мен босандым ғой" дедім", - дейді Гүлжайна Жанжігітова. 

Оның сөзінше, баласы айтқанын бұлжытпай орындайтын, ойнаса белгіленген уақыттан бір минут та кешікпей келетін. Бірақ 14 жастағы баладан әлі күнге дейін хат-хабар жоқ. 

Марлен Жамбыл ауылындағы мектепте білім алған. Бірақ өткен жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы мектепте де 1 жыл білім алып қайтқан. Екі мектептің де ұстаздары Марленнің тәртібін оң бағалап отыр. "Ерте есейген, өз қатарынан алда болған" дейді. Марлен - анасының тұңғыш баласы. 

Гүлжайна Жанжігітова. Фото: KOREMIZ

Марлен анасы мен өгей әкесінің тәрбиесінде болған. Оған дейін өзінің әкесі мен әжесімен де бірге тұрған. Гүлжайна Жанжігітованың сөзінше, Марленнің өгей әкесімен қарым-қатынасы жақсы болған.

"Аман болсын деп тілеймін. Бірақ түнде жаман ойлар мазалайды. Аман босла неге осы уақытқа дейін келмейді? Досымның туған күніне барамын деп кеткен. 3-4 күн сұранып жүрді. Сол күні жұмыста болды. Өгей әкесі де жұмысқа кетіп қалған", - дейді Гүлжайна Жанжігітова.  

Марлен. Фото: KOREMIZ

Анасының сөзінше, соңғы кездері Марленнің өтірік айтуы жиілеп кеткен. 

"Мектепте темекімен ұсталыпты, одан кейін насыбаймен ұсталған. Оны маған апайы айтты", - дейді Гүлжайна.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!