Қытаймен арадағы визасыз режим: Нарынқолда туристер үшін өткізу пункті ашылмақ

Қытаймен арадағы визасыз режим: Нарынқолда туристер үшін өткізу пункті ашылмақ
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен арадағы визасыз режим аясында Нарынқол ауданында шетелдік туристер үшін өткізу пунктін ашу жоспарда барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл жарты жылдықта өңірде ішкі туристер саны 13 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамға жетті. Шетелдік туристер 12 есеге өсіп, 74 мың келуші болды. Нарынқол ауданында Қытайдан (келетін - еск.) туристерге арналған жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр", - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, атқарылған іс-шаралар өңірге келетін туристер санын 1,2 миллион адамнан 2 миллион адамға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев аш күйде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайын айтқаны хабарланды. 

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz