"Анасынан да қорқады". Алматы облысында аштықтан сөйлей алмай қалған баланың қазіргі жағдайы қандай?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аш күйде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іле ауданынан табылған 6 жасар бала қазір емделіп жатыр.

"Жағдайды бақылап отырмыз. Ол 3 жасына дейін қарапайым балалар сияқты дамыған. Содан кейін баланың ақыл есінің дамуы тоқтап қалған. Қазір ол емделіп жатыр. Әрине, тұрған жері өте нашар болған. Үйі быт-шыт, онда көптеген мысық болған әрі оған жағымсыз иісті қосыңыз. Анасы баласына қарамаған. Тіпті, бала бейтаныс адамнан емес, анасын да қорқады. Баланың жағдайы сондай. Қазір дәрігерлер мен психологтар тиісті жұмысты жүргізіп жатыр", - деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында аштықтан сөйлей алмай қалған бала табылғаны хабарланды. 

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз