Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 3 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, тұман түсіп, секундына 15-29 метрге жететін жел соғып, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 30 метрге жетеді.

"4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклон жотасымен суық ауа массалары енеді, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеп соғады. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнгде 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін төмендейді", - делінген болжамда.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова