Абай университетінің студенттері онлайн оқуға жіберіле ме?

Абай университетінің студенттері онлайн оқуға жіберіле ме?
Фото: Көрнекі сурет. Tengrinews.kz

Желіде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері тұмау жұқтырып ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Оқу орнының өкілдері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Абай университеті оқу орнында 3-4 курс студенттері жаппай тұмау жұқтырып жатыр осы мәселені көтермесем болмай тұр. Көз алдымда қанша студент ауыр халде жедел жәрдемнің жедел көмегіне зәру! Осының алдын алмасаңыздар, мыңдаған студенттің өмірі ойыншық емес шығар!" - делінген видео сипаттамасында. 

@__alisher_11 #абай Универсииеті оқу орнында 3-4 курс студенттері жаппай тұмау жұқтырып жатыр осы мәселені көтермесем болмай тұр .Көз алдымда қанша студент ауыр халде жедел жәрдемнің жедел көмегіне зәру! Осының алдын алмасаңыздар мыңдаған студенттің өмірі ойыншық емес шығар! #онлайн #жіберсін #агу ♬ оригинальный звук - «Еуразия» Бірінші арнасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, студенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын барынша қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен ата-аналардың өтініші бойынша оқу орнымыздың 1 және 2-курс студенттері уақытша онлайн режимге көшірілді. Бұл ретте денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын 3 және 4-курс студенттеріне онлайн оқуға мүмкіндік береміз. Яғни денсаулығы жақсарғанша студент онлайн сабаққа қатысуына болады. Бұл шаралар маңызды медициналық кеңестерді сақтай отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және академиялық процесті жалғастыруға бағытталған. Біз үшін әр студенттің денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Осыны ескере отырып, сапалы білім беру үшін барынша жағдай жасалып жатыр. Инфекцияның таралу ықтималдығын азайту мақсатында маскалық режим ұсынылып, медициналық қызмет күшейтілді. Бұл мәселе университет басшылығының бақылуында болады", - деп жауап берді оқу орнының баспасөз қызметі өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек