Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан өзбекстандық әйелдер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздарды анықтады.

"Қонақ үй кешендерінің бірінде интим қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында екі өзбекстандық әйел бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар, ғимарат иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша материал жиналды", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек