7 миллион теңге талап еткен: 8 жастағы қыз мектептен қайтып келе жатқанда ұрланған

7 миллион теңге талап еткен: 8 жастағы қыз мектептен қайтып келе жатқанда ұрланған
Фото: kaluganews.ru

29 қарашада Ресей Федерациясының Калуга облысында тұратын 8 жастағы қыз жоғалып кеткен. 30 қарашада бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Калужские новости" басылымы мәліметінше, қыз сабақтан кейін үйіне қайтып келе жатып, анасына телефон арқылы сағат 15:00 шамасында қар сырғанағына барғсы келетінін айтқан. Осыдан кейін баланы ешкім көрмеген, ол анасымен байланыспаған. Оның үйіне жетуі үшін шамамен 700 метр қалған. Уайымдаған ана баланы өз бетінше іздеуге кіріскен, бірақ бұдан еш нәтиже шықпаған. Қыздың телефоны өшірулі болған.

Ал кешке "Рыжик" лақапатымен белгісіз біреу оған хат жіберіп, қызының ұрланғанын айтып, 1,5 миллион рубль криптовалюта талап етіп, бопсалаған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары ұрланған Златаның әкесінің қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек