"Қорқытып, аңдыған". 38 жастағы алматылық порнографиялық материалдарды таратқан

38 жастағы алматылық порнографиялық материалдарды таратқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті танымал әлеуметтік желілерде жариялаған видеоға қатысушылардың бірі полицияға арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны қорқытып, үнемі аңдып жүрген.

Интернетте порнографиялық материалдарды таратқаны үшін 1985 жылы туған В.есімді ер адам ұсталды. Одан рұқсат етілген тінту барысында порнографиялық бейнематериалдар мен бейнежазбалары бар қатты дискілер анықталды.

"Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 311 бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) және ҚР ҚК-нің 147 бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тәркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды", – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!