Блогер Дана Есеева Instagram-дағы стористерінің құны қанша екенін айтты

Блогер Дана Есеева Instagram-дағы стористерінің құны қанша екенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Блогер Дана Есеева Instagram-дағы стористерінің құны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер Нұрдәулет Бектұрсын өзінің "NNN Life tv" шоуына қонаққа келген Дана Есеевадан Сенде "стористегі жарнама құны 2 миллион теңге" дейді. Шын ба?" деп сұрады.

"Сәл-сәл арзанырақ, бірақ сенің сөзіңнен кейін көтеремін ғой деймін. Қазір 1,5 миллион теңге, бір сторис емес, стористер сериясы дейді ғой", - деп жауап берді блогер.

Дана Есеева сонымен бірге "Оқырмандарыңа өтірік айтқан кезің болды ма?" деген сұраққа да жауап берді.

"Өтірік айтпаймын, бірақ көп нәрсе айта қоймаймын. Шын айтамын, бірақ аз айтамын, көп сөйлемеймін, бірақ өтірік айтпаймын", - деді ол.

Ол бұған қоса, Instagram-да оқырман жинау үшін гивке қатысқанын, коллаборация жасағанын мойындады.

Дана Есеева "Танымалдығыңды тегін тамақ ішу үшін, кезекте тұрғанда немесе "гаишниктер" тоқтатқанда пайдаланған кездер болды ма?" деген сұраққа да жауап берді.

"Енді өзім айтпаймын ондайды. "Мен андаймын, білесің бе мені?" дегендей. Өздері кейде таниды да, жібере салады. Ал былай өзім айтатындай болған жоқ", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан