"Ешқандай психикалық ауруыңыз жоқ". Петропавлда қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы сотталды

"Ешқандай психикалық ауруыңыз жоқ". Петропавлда қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы сотталды

Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған оқушыға сот үкім кесті. 14 жастағы жасөспірім енді өмірінің алты жыл тоғыз айын түрмеде өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алқа билер соты Давид Джакеладзе мектепте жаппай қырғын салмақ болған деп отыр. Мұның сондағы ересек балалар алдын алған.

"Қылмыс жасаған кезде психикалық ауытқу жағдайында болдым дегеніңіз Алматыда жасалған психиатриялық, наркологиялық кешенді сот сараптамасында анықталмады. Ешқандай да психикалық ауруыңыз жоқ. Қылмыс жасаған кезде ісіңізге жауап бере алатындай жағдайда болдыңыз", - деді судья Әбдіқаһар Еркебаев.

Еске салайық, оқиға Петропавлдағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған. 14 жастағы Давид Джакеладзе бетперде киіп, екінші қабатта тұрған оқушыларды балтамен ұрған. Соның алдарынан үш бала жарақат алған еді.

Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатқан. Содан бері тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті.

Күдікті істеген ісін мойындамаған, бірақ сотта бұған бұлтартпас дәлелдер болды. Жасөспірімге мектептен берілген мінездеме мен оның кәмелетке тік толмауына байланысты жеңілдік беріліп, алты жыл тоғыз ай үкім кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан