Теріс ағымды қалай ажыратамыз? Қазақстандық ағартушы түсіндірді

Теріс ағымды қалай ажыратамыз? Қазақстандық ағартушы түсіндірді
Фото: YouTube

Жазушы, ағартушы, баспагер Санжар Керімбай теріс ағымды қалай ажырату керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. 

"Егер адам мұсылманшылықта болса, бір нәрсені ескеру керек: Құранда анық жазылып тұр "мен ұлт пен ұлысты бір-біріне ұқсамайтын қылып, бір-бірін танысын деп ерекшелікпен жаратып қойғанмын" дейді. Бітті, осы бір аят жетеді. Яғни сенің ұлттық идентификацияң тілің, даусың, ұлттық музыкаңдағы, түріңдегі заттардың бәрі құдайдан келген тағдыр деп есептеу керек. Бұл көрінбесе ол өте қауіпті нәрсе. 

Онда сен құдайдың әміріне қарсы шыққан боласың. Өзіңнің мәдени идентификацияңды жойып, екінші бір ұлтқа жұтылып кетуің. Жұтылып та кетпейсің, не ары емес, не бері емес гибрид болып тұрып қаласың. Сондықтан дінге қызыққан адам бір нәрсені байқасын: егер ол өзінің ұлттық мәдениетінен, ұлттық салт-дәстүрінен, әдебиетінен алшақтап әкетіп бара жатса, онда ол адам өзінің адасқанын білуі керек. Манипуляцияға түскенін түсінуі керек", - дейді Санжар Керімбай.  

Оның сөзінше, жалған дін - ұлттық ерекшеліктің бәрін талқандап жібереді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина