"Суретке түсіремін деп алдаған". 16 жастағы жігіт 8 жасар қызды зорлаған

Санкт-Петербургте Өзбекстан азаматы 8 жастағы қызды азғырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Қыздың анасы полицияға жүгініп, арыз жазған. Оның сөзінше, белгісіз ер адам қызына суретке түсуді ұсынып, баланы техникалық ғимаратқа апарып, зорлаған.  

Тергеу нәтижесі бойынша Өзбекстанның 16 жастағы азаматы ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында. Қылмыстық іс қозғалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!