Абаттандыруды жақсарта түседі – эколог Көгалдандыру жарғысы туралы

Абаттандыруды жақсарта түседі – эколог Көгалдандыру жарғысы туралы
Фото: Астананың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Астанада Көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр. Құжат қалада жасыл желектерді отырғызу мәселесін шешеді, абаттандыру мен экологияны жақсарта түседі. Мұндай пікірді астаналық эколог Жансая Ахметова айтты.

Құжат шеңберінде жасыл желектер, суару жүйелерімен және күтім жұмыстарымен қамтамасыз ету, ағаштар саны бойынша регламент және тағы басқа бойынша талаптар қабылданады.

"Астана еліміздің солтүстігінде орналасқан, қысы өте суық. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы тез өзгереді. Қоршаған ортаның жақсаруына ауа мен су ресурстары ғана емес, сонымен қатар Астананы көгалдандыру да үлкен әсер етеді. Жасыл кеңістік жақсы әсер етеді. Елордада аудандар да көгалдандыру ауқымымен ерекшеленеді. Көгалдандыру жалпы экологиялық жағдайға ғана емес, тұрғындардың әл-ауқатына да өте маңызды рөл атқарады. Бұл құжатты енгізу қаланы абаттандыру мен экологияны жақсартуға септігін тигізеді", - деп есептейді Жансая Ахметова.

Жарғы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленеді.

Еске салайық, Президент Астана әкімдігінің алдына 5 жыл ішінде елорданы бақшалы қалаға айналдыру міндетін қойған еді.

Материалды Астананың ішкі саясат басқармасы ұсынған

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан