Аяқ бас бармағы тырнағының дұрыс өспеуінің 7 себебі

Аяқ бас бармағы тырнағының дұрыс өспеуінің 7 себебі
Фото: Freepik.com

Кейбір адамдар аяқ бас бармағының тырнағы дұрыс өспеуінен зардап шегіп жатады. Тырнақтың айналасы ісіп, қызарып, ауырады, аяқ киім, шұлық кию мүмкін болмай қалады. Тырнақтың дұрыс өспеуінің себебін Дмитрий Волков түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ая здоров-қа" сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, көптеген адам тырнақтың түбі бүйір шетіне кіріп, қисық өсетініне мән бермейді. Бұл қалыпты, табиғи құбылыс емес және көп жағдайда созылмалы ауруға айналады. 

Тырнақтың дұрыс өспеуінің себептері:

  1. Аяқ киімнің бас жағының (саусақтар тұратын жағы) тым тар болуы;
  2. Аяқтың вальгус деформациясы, жалпақ табан;
  3. Тырнақ ролигінің құрылымының туа біткен ерекшеліктері;
  4. Жүктілік;
  5. Қант диабеті, эндокриндік аурулар, артық салмақ, жүрек-қан тамырлары мәселелері;
  6. Тері аурулары: сүйел, қына, псориаз;
  7. Тырнақты дұрыс емес қысқарту.

Дмитрий Волков сөзінше, тырнақты дұрыс қысқартпау ең көп таралған себеп. Адамдар тырнақтың өткір жиегін қалдырып, бұрышын түбімен алып тастайды немесе тырнақтарын тым қысқа етіп қысқартады. 

"Саусағыңыздың қызарғанын, ауыр ыңғайсыздық пайда болғанын байқағаннан кейін шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізше емдеуге тырыспаңыз, ол тырнақтың қабынуы мен жағдайдың асқынуына әкелуі мүмкін, мұндай жағдайда тырнақты толығымын жұлып тастауға тура келеді", - деп ескертті хирург Сергей Берегов.

Айта кетейік, бұған дейін аяқ бас бармағының сүйегі неліктен қисаятыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жер бетінде халықтың орналасу заңдылықтары қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә