Экс-министр Елжан Біртанов Қуандық Бишімбаев туралы: "Танимын, шок болдым"

Экс-министр Елжан Біртанов Қуандық Бишімбаев туралы: "Танимын, шок болдым"
Фото: Instagram/aitym

Экс-министр Елжан Біртанов Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Qasqa Jol YouTube-арнасында айтты. 

"Иә, танитынмын. Бірге жұмыс істегенбіз. Мұндай жағдайда қалай қабылдайды? Әрине, шок болдым. Болмайтын жағдай ғой, елімізге, екі отбасына үлкен трагедия. Ел үшін трагедия деп айтуға болады. Мұндай жағдай болмауы үшін қатты ойлануымыз керек. Қоғам болып ойлануымыз керек", - дейді Елжан Біртанов. 

Тоқаев Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

"Ол - жауыз, айуан адам". Марқұм Салтанаттың әпкесі Бишімбаев туралы айтты

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина