"Негізі жақсы әке, бірақ ұрады". Белгілі психолог күйеуінен таяқ жей беретін әйелдерді сынап тастады

"Негізі жақсы әке, бірақ ұрады". Белгілі психолог күйеуінен таяқ жей беретін әйелдерді сынап тастады
Фото: instagram.com/roza.coach

Белгілі коуч, кәсіпкер, инвестор Роза Аширбаева күйеуінен таяқ жейтін әйелдерді сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өздеріңді бағаласаңдаршы, қашанға дейін шыдауға болады? "Негізі ол жақсы адам, бірақ ұрады" деген не әңгіме? Өздерің оқып көріңдерші жазғандарыңды. Жұмыс істеп, ақшаны тауып, жарқырап жүріңдер", - дейді психолог. 

Роза Аширбаеваның сөзінше, бұл стокгольм синдромы деп аталады екен. 

"Оны ешқалай ақтай алмайсың. Ол жақсы әке ме, басқа ма - ол нәрсе ақтауға келмейді. Бірақ бізде неге зорлық-зомбылық деген нәрсе қоғамда бетке шықпайды? Себебі әйелдер үндемейді. "Жақсы әке, қайда барам бәрібір? Балаларымның әкесі ғой. Өткенде бір рет үйден қуып жіберген. Сол түнде үйге кіре алмай қалдық. Негізі ішіп келген ғой, мас болмаса олай істемейді. Қайда барарымызды білмей, көршінің үйіне бардық, былай негізі жақсы ол". Сондай әңгіменің кесірінен зорлық-зомбылық өршіп тұр, қыздар. Қойыңдар, бұл дұрыс емес!", - дейді Роза Аширбаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза Аширбаева | ҚАРЖЫЛЫҚ КОУЧ (@roza.coach)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина