Ауыр жараланған: "Вагнер" құрамында соғысып, 200 мың рубль алған қарағандылық сотталды

Қарағандыда Украинадағы соғысқа қатысып келген Топар кентінің 34 жастағы тұрғыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол ресейлік "Вагнер" жеке әскери компания құрамында болған. Тіпті бір айдай майдан даласында болып, Бахмуттағы қақтығыста ауыр жараланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағандылық қолы кесіліп, мүгедек болып қалған соң елге қайтар жолда шекарада ұсталған. Жалдамалы жауынгер бір айлық жалақысын алып, жарақаты үшін ешқандай өтемақы төленбегенін айтады.

"Тергеу органдары мен сот алдында өзінің істеген ісіне өкініп, кінәсін толық мойындағаны жазасын жеңілдетті. Соғысқа қатысқаны үшін төленген бір айлық жалақысы тәркіленді. Сомасы - 200 мың рубль", - деді судья Саян Аққожин.

Алексей Шомполов "Вагнер" құрамына ақылы негізде адам жинап жатқанын әлеуметтік желіден білген. Жақындарына айтпай, Ресейге аттаныпты. Әскери дайындықтан өткен соң Украинаның Бахмут қаласына жіберілген. Cотта "Жұмыссызбын, қарызым көп" деп ақталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!