"Асылуға жіпті дайындап қойдым, бірақ ілінген жоқпын"

Сауықтыру орталығының қызметкері Жамбыл Әбиев бір кездері өзі де есірткі мен құмар ойынға тәуелділіктен емделген. Ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында суицид жасамақ болған кезі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол суицид жасамақ болған кезі туралы айтты.

"Жіпті дайындап қойдым, бірақ ілінген жоқпын. Соңғы сәтте "жарайды, әке-шешеме айтайын деген ой келді. Оған дейін қиналған кезде әке-шешем онсыз да біліп қойды, хабарласатын ағам, әпкем - ешкім қалмады. Ешкім сенбейді. Сол кезде өзіңді жалғыз сезінесің. "Бұл өмірде мен жалғызбын, ешкім маған көмектеспейді, ешкім көмектескісі де келмейді" деген ой болады. Соның салдарынан не істеймін? Болды, маған өмірімді қия берсем болады деген ой келеді. Ары-қарадым, бері қарадым, оның өзіне (суицидке-еск.) батылдық керек екен. Алланың құдыреті болды ма, өзім ба... Бір кезде мен қазір кетіп қалсам ол қарыз кетпейді деген түсінік келді. Бәрін әке-шешем жабады. Бардым, мойындадым, жыладым", - дейді Жамбыл.    

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!