Актер Дастан Қалдыбаев Назарбаев пен әулетінің тойлары қалай өткенін айтты

Актер Дастан Қалдыбаев Назарбаев пен әулетінің тойлары қалай өткенін айтты
Фото: TALK LIKE YouTube-арнасынан скрин

Актер Дастан Қалдыбаев экс-президент Назарбаев туралы айтылған әзілдер жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актер журналист Аман Тасығанның TALK LIKE бағдарламасында айтты. 

"Біз әр ойын сайын Ресей және Қазақстан президентінің кездесуі туралы міндетті түрде көрсететінбіз", - дейді актер. 

Дастан Қалдыбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың және әулетінің тойларында көп болғанын айтты. 

"Өте көп рет. Мен оның санын білмеймін. Жыл сайын жаңа жылды баяғыда Алматыда әулетімен қарсы алатын. Біз міндетті түрде сол жердеміз. Одан бөлек, той-томалақ, туған күн, балаларының үйлену тойларында, бәрінде болдық. Әзілдерді жақсы қабылдайды", - дейді актер.  

Сонымен қатар, актер Назарбаев туралы ойын айтты. 

"Жасаған еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Себебі алғаш егемендік алғаннан кейін Қазақстаннң экономикасын 15 одақтас республикалардың ішінен құлдырап тұрған жерінен бірінші орынға дейін көтерді ғой. Халықтың жағдайы көтерілді. Оның бәрі еңбек. Жарайды, бір нәрсесі дұрыс болмай қалыпты, сол үшін мынаның бәрін өшіріп тастауға болмайды деп ойлаймын. Оның жіберген қателіктері жоқ емес, бар. Өте керемет болды десем өтірік болады. Жақсылығы да бар, жіберген қателігі де бар", - дейді актер.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина