Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жеңіл көлікпен жылқы тасымалдаған

Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жеңіл көлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан