Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып мерт қылды

Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып мерт қылды, полицейлер тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 қарашада "Павлодар-Шарбақты" автожолының 20-шақырымында болған. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде "Фольксваген Гольф" көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады департамент. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз