Бетіңізде безеу пайда болуының 8 себебі

Бетіңізде безеу пайда болуының 8 себебі
Фото: Freepik.com

Безеу - бұл терінің ең көп таралған ауруы. Безеңдің пайда болуының себебі көп және оны емдеу үшін адам ағзасын жеке зерттеу қажет. Дерматолог, трихолог Анна Сердюк бетте безеу пайда болуының мүмкін себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Почему болит-ке" сілтеме жасап.

Безеу тері тесігі мен шаш фолликулаларының өлі жасушалары, май және бактериялармен бітелуіне байланысты шығады. Іріңді безеу, ең алдымен, бет, кеуде және арқаға шығады, уақыт өте теріде дақ, тіпті тыртық пайда болуы мүмкін.

Безеу шығуының 8 себебі:

  1. Гормоналды бұзылыс;
  2. Стероидты препараттарды қолдану;
  3. Дұрыс тамақтанбау;
  4. Дәрумен тапшылығы;
  5. Косметиканы дұрыс пайдаланбау;
  6. Инфекция;
  7. Тұқым қуалайтын факторлар;
  8. Майдың артық бөлінуі.

"Аурудың даму факторлары сыртқы және ішкі болып бөлінуі мүмкін. Сыртқы факторларға дұрыс таңдалмаған тері күтімі, майлы және қантты тағамдарды көп жеу, сондай-ақ гигиенаны сақтамау жатады. Ішкі факторларға асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің бұзылуы және иммунитеттің әлсіреуі кіреді", - деп түсіндірді дерматолог.

Медицинада безеу ауруы дамуының 4 кезеңі бар: жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр. 

"Ауыр және өте ауыр кезеңде науқас стационарлық емді қажет етуі мүмкін, ал бастапқы кезеңдерін дәрігердің барлық ұсынысын ескеріп, безеуден үй жағдайында құтылуға болады", - деді Анна Сердюк.

Айта кетейік, бұған дейін иекке безеу шығуының 10 себебі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Туған күн туралы қандай әндер бар?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә