2025 жылы жаңа пандемия басталатыны рас па?

2025 жылы жаңа пандемия басталатыны рас па?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Instagram-да түрлі елдің билігі жаңа індетке дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Онда бәрі алдын ала жоспарланып, ауру Жердің миллиард тұрғынына дейін жұғады делінген. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео авторы Ақ үй, Джонс Хопкинс университетінің және Дүниежүзілік банк порталдарына сүйенеді. Онда сайттардың скриншоттарын көрсетіліп, билік алдағы пандемия туралы біліп қана қоймай, оған дайындалып та жатқаны айтылған. 

Ақ үйдің сайтында АҚШ-та пандемияға дайындық және оған ден қою саясаты басқармасы (OPPR) құрылып жатқаны туралы ақпарат бар. Бірақ бұл тек COVID-19 ғана қатысты емес. Ол полиомиелит, RSV респираторлық вирусы, құс және адам тұмауы, сондай-ақ, пандемия тудыруы ықтимал басқа ауруларына қатысты әрекет етеді. OPPR медициналық құралдарды әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жауапты болады. Видеода көрсетілген парақшада осы басқармада тағылымдамадан өтуге қабылдау жүргізіліп жатыр делінген. Жаңа пандемияға немесе даталарға сілтемелер жоқ.

Джонс Хопкинс денсаулықты қорғау орталығының сайтында да жаңа пандемия туралы жазылмаған. Бейнероликте 2017 жылғы жарияланымға сілтеме берілген. Егер тақырыбын аударатын болсақ, оның 2025-2028 жылдарға арналған ойдан шығарылған сценарий екені белгілі. SPARS вирусы да ойдан шығарылған. Бұл нақты пандемия пайда болған кезде медициналық қызметкерлердің дағдыларын пысықтау үшін қажет. 89-бетте нақты оқиғаларға барынша ұқсас жағдайлар модельденеді. Мамандар аурудың кенеттен өршуіне байланысты болуы ықтимал барлық қауіп туралы ескертіледі.

Одан әрі роликте автор Дүниежүзілік банк сайтында жарияланған құжатты көрсетеді. Оны тез парақтай отырып, ол қолданушыға мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Бірақ манипуляция жасау үшін қажет күнді табады - 2025 жылғы 31 наурыз. Халықаралық қаржы ұйымының сайтындағы құжаттардың ешқайсысында жаңа пандемияға сілтемелер жоқ.

Бұл дәлелдің барлығы жалған, сондай-ақ, ролик авторының мәлімдемелері шындыққа жанаспайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек