Ажар Ғиният немерелері қызылшаға қарсы вакцина алғанын айтты

Ажар Ғиният немерелері қызылшаға қарсы вакцина алғанын айтты
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният немерелеріне қызылшаға қарсы екпе салғызғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"9 жастағы немерем 6 жасында вакцина салдырды. 5 жастағы немерем де екпе алды. Төртінші күні оның дене қызуы көтеріліп, құса бастады. Дәрігерлер мұның екпеден болғанын айтты. Бір күннен соң аурудың бұл симптомы кетті. Сізге жағдайдың қалай болғанын сол күйінде жеткіздім", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгінде 118 мыңнан аса балаға екпе салынған. 

Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе алғысы келетін қазақстандықтарға кеңес берген еді. 

Аяз Есен 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!