Қыжыл қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін?

Қыжыл қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін?
Фото: Freepik.com

Қыжылдың себебі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы тамақтану түрінен денсаулыққа қауіп төндіретін ауруларға дейін. Алёна Береговая қыжылдың мүмкін себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Почему болит-ке" сілтеме жасап.

"Қалыпты жағдайда өңеш асқазаннан тамақ немесе сұйықтық жұтылған кезде босаңсытатын төменгі сфинктермен бөлінеді. Асқазан-ішек ауруы кезінде асқазаннан өңешке қышқылдың шығарындылары пайда болады және оның мөлшері бақыланбайды", - деп түсіндірді терапевт Алена Береговая.

Өңештің қабырғалары тұз қышқылымен жанасуға бейімделмеген, сондықтан тітіркену пайда болады. Қыжыл көбінесе тамақтанғаннан бір сағаттан кейін басталады. Қыжыл тудыруы мүмкін аурулар:

  1. өңештің шырышты қабығының қабынуы;
  2. гастрит;
  3. асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы;
  4. холецистит.

Қыжылды дұрыс тамақтанбау және жаман әдеттер күшейтуі мүмкін. Темекі түтіні, алкоголь, газдалған сусындар, кофе шырышты қабықты тітіркендіріп, бөлінетін қышқыл көлемінің ұлғаюына және асқазан қақпағының босауына алып келеді. Әсер етуші факторлар:

  • артық тамақтану;
  • цитрус, маринадталған қияр, жаңа піскен нан және қуырылған тағамдарды көп жеу;
  • жүктілік;
  • артық салмақ;
  • көлденеңінен жату немесе тамақтанғаннан кейін ұйықтау;
  • кейбір дәрі-дәрмектер;
  • тығыз белбеу кию.

Сарапшылар өз-өзіңізге диагноз қоймай, дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Дәрігер ғана қышқылдың түзілуін бейтараптандыратын және төмендететін дәрілерді дұрыс бекіте алады. Ал кейде науқасқа тіпті хирургиялық ем қажет болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін қыжылдан қалай жылдам арылуға болатыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Гүлді өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә