4 миллиард бөлінді. Алматыда 43 шақырым су құбыры ауысты

4 миллиард бөлінді. Алматыда 43 шақырым су құбыры ауысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Биыл Алматының жаңа аудандарында 12 мыңнан астам үй орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қосылды. Бұған дейін мегаполисте тіршілік нәрінен тарыққан ағайын көп еді. Сәйкесінше кей аудандарда сумен жабдықтау және су бұру жүйесі болмаған. 2023 жыл бұл олқылықтың орны толды. Тұрғын үйлерді ауыз сумен жабдықтау қалай жүзеге асты? Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сұрау салып көрген еді. 

Бұған дейін жеке компаниялар "Қарасу", "Ақжар", "Алғабас", "Шұғыла" шағын аудандарына су жеткізген. Жеке компаниялардың халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі артықшылықтары неде? Тарифтік төлемдерде айырмашылықтар бар ма?

Биыл Алматыға қосылған Алматы облысының бұрынғы елді мекендерін, шағын аудандар мен жеке ұйымдарды сумен жабдықталды. Шағын аудандарда халық санының өсуіне, мегаполис көлемінің ұлғаюына, инженерлік желілердің жетіспеушілігіне қатысты су тапшылығы пайда болды. Желілердің тозу деңгейі ұлғайды. Сол себепті жаңа желілерді салу әрі сумен жабдықтауды жақсарту туралы шешім қабылданды.

Жеке су жеткізушілердің тарифтері "Алматы Су" МКК үшін белгіленгеннен әлдеқайда жоғары болды. Су құбырларын тартумен қатар, кәріз желілері де салынды.

"Қарасу" шағын ауданы  бойынша сумен жабдықтау және су бұру бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталуда. "Алғабас" шағын ауданы бойынша белгіленген бағдарламаның бірінші және екінші кезеңдері іске асырылды. Көшелерде магистральдық желілер, сорғы станциялары салынды. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді  жаңа желілерге кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде.

"Ақжар" шағын ауданында су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. 2025 жылы Ақсай өзенінде жаңа сүзгі станциясын пайдалануға беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы "Ақжар" шағын ауданының бір бөлігі "Шұғыла" шағын ауданында салынған жаңа сорғы станциясына қосылды.

2022-2023 жылдары  сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 143 км су құбыры салынды. 2024 жылға арналған жоспар қандай? Алматы қаласын  орталықтандырылған ауыз сумен  толық қамтамасыз ету үшін қанша уақыт қажет?

Қазіргі уақытта қаланың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 99%-ды құрайды, 2025 жылы қаланы ауыз сумен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда. Шаһарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау кестесінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қажет. 2023 жылдың соңында  жобаны іске асыруды бастау туралы оң шешім қабылданса, 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда бар.

Үйлерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде қандай қиындықтар туындайды?

Қаланың оңтүстік бөлігіндегі (тау бөктеріндегі) бірқатар шағын аудандарда ауыз су көздері жетіспейді. Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша "Қарғалы" (толық пайдалануға беру мерзімі 2024 жыл) және "Ақсай" (аяқталу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін жоспарланады) сүзгі станциялары, сондай-ақ басқарма 2 су жинау құрылыстары бойынша  "Ерменсай" және "Барлық"  су тарту жобасын әзірлеуде. Желілерді салу бойынша жұмыстар жер бедерінің күрделі рельефіне және құбырларды тарту үшін қажетті инженерлік дәліздің болмауына байланысты өте күрделі процесс болып тұр. Қала құрамына кірген саяжайларда көшелер өте тар. Құбыр төсеуге арналған дәліз жоқ, ауыр техниканы жұмысқа тартудың техникалық мүмкіндігі қарастырылмаған.

Ауыз судың сапасына қаншалықты мән берілуде?

Әлеуметтік-экологиялық жағдайды жақсарту және қала халқының санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыру үшін ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы сапаны жақсарту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Халықты қажетті мөлшерде сапалы сумен қамтамасыз етуге қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесін толық қайта құру, суды залалсыздандыру қондырғылары бар сүзгі станцияларын салу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сумен жабдықтауды сапалы  атқару - бұл халықтың денсаулығын жақсартатын, жұқпалы аурулардың пайда болу қаупін төмендететін басты мәселелердің бірі.

Алматы қаласында ауыз су көлемі жеткілікті ме? Тұрғындарға суды үнемдеу туралы ақпар беріле ме?

Алматы қаласы бойынша ауыз су көздерінің айтарлықтай қоры бар. Дегенмен тау бөктеріндегі жерлерде жазғы кезеңде тұрғын үйлер және коммерциялық объектілердің жаппай құрылысына байланысты жаңа су қорын жинау құрылыстары пайдалануға берілгенге дейін судың ішінара тапшылығы туындайды. 1000 литр су үшін 55 теңге мөлшеріндегі су тарифінің төмен деңгейі халықты суды үнемдеуге ынталандырмайды.

Қала тұрғындарын таза ауыз суды үнемдеуге ынталандыру мақсатында халықты есептеуіш құралдарын орнатуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Осылайша 2024 жылы су есептегіштері жоқ тұтынушылар үшін суды тұтыну нормаларын арттыру жоспарлануда.

Соңғы жылдары су құбырларының сапасы қаншалықты жақсарды? Оның тот баспайтын немесе жарылып кетпейтін ерекшеліктері бар ма?

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен су құбыры желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ Алматы Су мемелкеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан тозған су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Су құбыры желілерінің тозу деңгейі 55,8%-ды құрайды. Бұл құбырлар қашан жаңарады?

Желілерді жаңарту үшін 2 мың шақырымнан астам су құбыры желілерін кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Бұрын бекітілген "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" аясында желілер мен жабдықтардың тозу дәрежесін жедел төмендету мақсатында биылғы жылы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жаңа тарифтік саясат іске асырылуда.

Тиісінше, ағымдағы жылы "Алматы Су" кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасы сумен жабдықтау бойынша 4 миллиард 381 миллион теңгені құрады. Қаражаттың негізгі бөлігі инженерлік желілерді қайта жаңартуға бағытталады. 2023 жылы 43,1 км тозған су құбыры желілерін ауыстыру жоспарлануда.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов