"Борат" фильмінің кесірінен..." Алматыда концерт берген 50 cent оқырмандарын ойландырып қойды

Кеше Алматыда әлем жұлдызы 50 Cent-тің концерті өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары 2000-шы жылдардағы Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology аңызға айналған хиттеріне билеп көңіл көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Концерттрен кейін өнер иесі жазба қалдырды, алайда қазақстандықтар бұл жазбаға наразы болды. 

"Алматы, Қазақстан. Өртедіңіздер. "Борат" фильмінің кесірінен менің не айтып тұрғанымда түсінбейтін шығарсыздар", - деп жазды ол Іnstagram-парақшасында.

Бірақ бұл жазбаға қазақстандықтар түрлі пікір қалдырған. Бірі алғыс айтса, енді бірі "Борат" туралы жазғанына наразы. 

"Айналайын, Фифтижан, өйтіп Боратты тықпалама бізге, оның Қазақстанға қатысы жоқ", "Тым жақсы отыр едік қой", "Елубай көке, өзіңізді сала бермей, қазақтарды да бір салып қоймадыңыз ба, мәз қылып", "Борат туралы артық болды енді", - деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!