Ақтөбеде үйінен шығып кеткен оқушы табылмай жатыр

Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, оралмаған.

"Белгілері: дене бітімі арық, бойы - 160-165 см, көзі көк. Үстінде қара түсті баскиім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак", - делінген хабарламада.

Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз