Газбен жүретін көлік иелеріне айыппұл салынбақ

Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс, заңға бағынбағандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс. Егер талап орындалмаса, көлік иелеріне айыппұл салынады.

Оның мөлшері - 3 АЕК (11 076 теңге - еск.). 2024 жылы 1 АЕК - 3692 теңге болады.

Министрлік дерегінше, Қазақстанда газбен жүретін 380 мыңнан аса көлік бар.

Аяз Есен 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!