Диетолог жаңа жылдық отырыстарда қалай артық салмақ қоспауға болатынын айтты

Диетолог жаңа жылдық отырыстарда қалай артық салмақ қоспауға болатынын айтты
Фото: gpointstudio/aFreepik

Ұлыбританиялық диетолог Ким Пирсон жақынды жаңа жылдық отырыстарда қант мөлшері жоғары алкогольдік сусындарды ішу артық салмақтың жиналуына алып кететініне сенімді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Сарапшы көптеген адам ағзаға сусын арқылы түсетін қант мөлшерін ескермейтінін түсіндірді. Мысалы бір стақан шампан секілді алкогольдік сусында шамамен 108 калория бар.

"NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) нұсқаулығына сәйкес, ер адам күніне 2500 калория, ал әйелдер шамамен 2000 калория өнім тұтынуы керек. Алайда, алкогольді майлы және көмірсутекті мерекелік тағамдармен бір мезгілде ішу бұл мөлшерден асып кетуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде адам артық салмақ қосып алу қаупін тудырады".

Сонымен қатар, артық қант - бұл ауыз қуысының бактериялары үшін керемет тағам. Тәтті ортада олар тез дамып, тістің эмальын және негізін бұзады.

Жаңа жылдық мерекелерде артық салмақ қоспау үшін лайфхактар:

Қажет тағамнан артық жемеңіз. Түрлі тағамға толып тұрған жаңа жылдық үстелді көргенде, бәрінің дәмін көргіңіз келеді. Бірақ жеген тағамыңыздың мөлшерін қадағалап, асқазанға ауырлық түсірмеуге тырысыңыз.

Көбірек қозғалыңыз. Жаңа жылдық мерекелерде бос уақыт көп болады, сондықтан оны тиімді жұмсаңыз. Жаңа жылдан кейінгі демалыс күндері күніңізді үстел мен тоңазытқыштың айналасында емес, ашық ауада серуендеп, шаңғы теуіп, би билеп өткізіңіз. 

Зиян тағамдардан аулақ болыңыз. Артық калориялы тағамдарға балама табуға тырысыңыз, мысалы майлы, қуырылған, майонез қосылатын салаттарға қарағанда, балғын жасыл шөптен салаттар дайындаңыз.

Алкогольді аз ішіңіз. Алкогольдің құрамында калорияның мөлшері көп. Оның үстіне алкогольдің өңделуі ұзақ уақыт алады, ал мұндай кезде тұтынылған басқа барлық калориялы тағам тікелей май қоймасына жіберіледі.

Аш жүрмеңіз. Егер мерекелік кешкі ас қарсаңында күні бойы аш жүретін болсаңыз, кешке артық тамақтану қаупі артады. Қатты аштықтан сіз әдеттегіден әлдеқайда көп жейсіз. Сондықтан уақытылы тамақтануға тырысыңыз.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа жылда дастарханға мандарин қою қайдан шыққаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Калифарнияның шын аты кім?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә