Батыс Қазақстан облысында қыстақ тұрғынының 700 бас қойы жоғалып кетті

Батыс Қазақстан облысында қыстақ тұрғынының 700 бас қойы жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысының полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған 700 қойын тауып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қараша айының 21-нен 22-не қараған түні Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Лекер қыстағының тұрғынына тиесілі 700 бас қой малы қараусыз қалып, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Аталған факті бойынша Қазталов ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі жоғалған қойды іздеп табу үшін оның иесімен бірге іздесуге шығады.

Жоғалып кеткен 700 бас қой осы жылдың 22 қараша күні сағат 16:05 шамасында дала жайылысынан анықтап, тауып, түгелдей иесіне айдап әкеліп берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан