Шымкентте жас жігіт марихуана шегіп тұрған жерінде ұсталды

Шымкентте жас жігіт марихуана шегіп тұрған жерінде ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте жас жігіт марихуана шегіп тұрған жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі кезекшілікке түскен ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары қала көшелерінің бірінде достарының ортасында қолына түтік ұстаған күдікті жігітті байқаған.

Тексеру үшін оқиға орнына патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция қызметкерлері жіберілді.

Мұны күтпеген жігіт есірткі шегуге арналған түтіктен дереу құтылуға тырысып, тәртіп сақшыларының көзінше оны лақтырып жіберген. Алайда оның бұл әрекеттері көше бейнекамераларына түсіп қалды.

Сонымен қатар ұсталған адам шұлығына марихуананың пакетке салынған бір реттік дозасын жасырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері есірткі затын тәркіледі.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тергеп жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан