Павлодар облысында екі оқушыны көлік қақты

Павлодар облысында екі оқушыны көлік қақты, зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қараша күні Екібастұзда М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккенді аурухаға жеткізді. 

Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты. Зардап шеккен ауруханаға жеткізілді. 

"Жол апаты фактілері бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департамент. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!